2022 жылдың үздік мемлекеттік қызметшілері анықталды

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының жеңімпаздары белгілі болды.

Алматы, NEGE. Ол туралы ақпаратты өз сайтында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орналастырған.

Олар: 

1. Вилямов Арман Адилжанович - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;

2. Бекеева Айжан Есболовна - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы;

3. Али Рустам - Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі;

4. Баймаханов Артур Әлішерұлы - Нұр-Сұлтан қаласы Бас көлік прокурорының
аға көмекшісі;

5. Жумадилов Мирас Маратович - Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Су ресурстары бөлімінің бас маманы;

6. Сағитулы Ғазиз - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің Медициналық қызметтер көлемін болжау және жоспарлау басқармасының басшысы;

7. Конбай Айнагуль - Ақмола облысы Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы;

8. Бажирова Аида Сагитовна - Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы;

9. Салманова Раслана Болатовна - Ақтөбе облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы;

10. Махай Алмат Алтайұлы - Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы.