2022 жылдан бастап Sputnik V салдырған азаматтар Меккеге қажылыққа бара алады

Сауд Арабиясы 2022 жылдан бастап 'Sputnik V' вакцинасын салғызған шетелдік азаматтарға елге кіруге рұқсат бермек.

Алматы, NEGE. "Сауд Арабиясы Sputnik V вакцинасын салғызғандар бара алатын 102 елдің қатарында", - делінген хабарламада.

Елге кірген кезде "Спутник V" вакцинасын алған адамдар 48 сағаттық карантиннен өтіп, ПТР-сынамадан өтуі керектігі айтылған.

"Sputnik V" вакцинасы салғызғандар Мекке мен Медина қалаларындағы исламның қасиетті жерлеріне қажылық жасай алады. Бұл шешім елге келетін туристердің санын арттыруға бағытталан.