2022-2023 жылы ауызсумен қамту мәселесі толық шешіледі

Шымкентте 2021 жылы ауызсумен қамтамасыз етудің болжамды көрсеткіші 98 пайыз деп белгіленіп отыр. Жалпы қалада 2022-2023 жылы сапалы ауызсумен қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу басты назарда.

Шымкент, NEGE.  Биыл құрылысы басталатын Құрсай, Қайнарбұлақ, Сайрам, Нұртас (жаңақұрылыс) шағынауданындағы 4 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.

Сондай-ақ, құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі нысандар – «ВС-6», «ВС-1» суаққының құрылысы, «Сайрам-Су» су имараты, «Сайрам-су» су имаратынан Қызылсу, Жыланбұзған елдімекенге дейінгі суаққы құрылысы. 2023 жылы жалпы 4 нысанның құрылысы аяқталады.

Қалада тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды