5 мая 2020 г. 9:14

2021 жылы мұнай бағасы өседі

Фото:
Ірі әлемдік инвестициялық банктердің бірі - Goldman Sachs 2021 жылы мұнай бағасы өседі деп болжайды, деп хабарлады Reuters.


Алматы, NEGE. «Белсенділіктің төмендеуінен мұнай өндірісінің қысқаруы және мұнай сұранысын ішінара қалпына келтіруге ОПЕК+ келісуі келесі жылы мұнай бағасының өсуіне алып келуі мүмкін, делінген Goldman Sachs Equity Research зерттеуінде. Wall Street bank 2021 жылға Brent маркалы мұнайдың әлемдік эталонды бағасын бұған дейінгі $52,5-тен барреліне $55,63 дейін өсірді. Банк сондай-ақ West Texas Intermediate (WTI) шикі мұнайы бойынша болжамды бұған дейінгі барреліне $48,5-тен $51,38 дейін өсірді», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, бағаны өсіруге Қытай экономикасының қалпына келтірілуі және көлік қызметтеріне сұраныстың артуы ықпал етеді.
«Мұнай өндірісі өндірістің қысқаруынан, кәсіпорындардың жабылуынан және ОПЕК пен Ресейдің келісімге келуінен тез қысқара бастады. Сұраныс сондай-ақ, төменгі белгіден бастап қалпына келтіріле бастады, бұған Қытай экономикасының қалпына келтірілуі мен дамыған нарықтық экономика тасымалына сұраныстың өсуі ықпал етті», - деп санайды Goldman Sachs.

Тегтер: