2021 жылы мұнай бағасы өсе ме?

Saxo Bank сарапшылары 2021 жылы мұнайдың бағасы 60 доллардан асады дейді.

Алматы, NEGE. Saxo Bank сарапшылары: 2021 жылы мұнайдың бағасы $60 асады Келер жылдың соңына қарай әлемдік нарықта қара алтынның құны 60 доллардан асуы мүмкін. Даниялық Saxo Bankінің сарапшылары осындай пікірде. Олардың айтуынша, өсім жылдың екінші жартысында байқалады. Себебі келер жылдан бастап әлемде жаппай вакцина егу басталады. Осыдан кейін экономикада белсенділік артып, өндіріс қайта қарқын алмақ. Оған дейін мұнай өндірісі айтарлықтай кемиді және сұранысты өтей алмай қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде алпауыт компаниялар мұнай саласына инвестиция салуды азайтты. Инвестиция көлемі 80 миллиард долларға кеміген. Сарапшының болжамынша, келер жылдың басында мұнай бағасы 50 доллар шамасында болады.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды