2021 жылғы Qazaqstan Barysy – Дәурен Нұралиев

Осымен оныншы рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy республикалық додасының жеңімпазы анықталды.

Алматы, NEGE.  Шешуші кезеңде жамбылдық Ғалымжан Қырықбай мен Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Дәурен Нұралинов кездесті. Финалдың негізгі уақыты тең аяқталса, қосымша кезеңде Дәурен Нұралиновтың бағы жанды.

Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy турнирінде бұған дейін 6 балуан топ жарған. Дәурен жетінші чемпион.

Үшінші орынға маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов қол жеткізді. Ол қола жүлде үшін таласта 2017 жылғы Qazaqstan Barysy Еламан Ерғалиевтен басым түсті.

Жалпы, биыл Qazaqstan Barysy жобасына еліміздің 14 облысы мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысты.

Qazaqstan Barysy атанған балуанға алтын тұяқ пен 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге берілді. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге табысталды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында қазақ күресінен әлем чемпионы, Мажарстан астанасында дзюдодан өткен 2021 жылғы әлем чемипонатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа 1 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды