2021 жылдың ортасында коронавирусқа қарсы жаппай екпе егіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының бағдарламалар бойынша орынбасары Сумия Сваминатан әлемде коронавирусқа қарсы жаппай егу 2021 жылдың ортасында басталуы мүмкін деп санайды, Deutsche Welle (DW).


Алматы, NEGE. «Екпелерді жаппай шығару аяқталғаннан кейін 2021 жылдың ортасында жаппай егуге кірісуге болады», - деп санайды Сваминатан.
Оның айтуынша, «қазір 20 екпе клиникалық сынақ кезеңінде тұр».
«Сондықтан біз солардың бірнешеуі жарамды болар деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді ол.
Сваминатан айта кеткендей, клиникалық сынақтың алғашқы нәтижелері 2021 жылдың басында белгілі болады.
Бұған дейін хабарланғандай, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15 млн асқан. Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 15 094 610 жағдайы анықталған, 619 520 адам көз жұмған және 9 110 972 адам жазылған.
21 шілдедегі ақпар бойынша Қазақстанда 75 153 адам коронавирус жұқтырған (37 596 - симптомды, 37 557 - симптомсыз), 46 790 адам жазылған, 585 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған