20-21 маусымда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді
Биыл 20-21 маусымда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді.
Астана, NEGE. Форумның негізгі мақсаты - волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасындағы еріктілер бағытындағы көшбасшы екендігін көрсету.
Бұл туралы ҚР АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыров ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті. Форумның ұраны «Тектегі ізгілікті оят!». Логотипі – «Ізгілік тегі» символы ретіндегі ДНҚ фрагменті мен волонтер сұлбасынан тұрады.
«Форумға 34 елден 40-тан астам спикер, 140-қа жуық шетелдік қатысушы келеді. Жалпы 400 адам қатысады деп күтілуде», - деді спикер ОКҚ алаңында.
Форумға қатысуға қызығушылық танытқан өңірлік 80 қатысушы-волонтер іріктеу конкурсы арқылы таңдалды.