2020 жылы балаларға ең көп қойылған есімдер қандай?
Биыл ШҚО-ның орталығы Өскемен қаласында 6042 сәби дүниеге келген.
Алматы, NEGE. Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ұсынған деректерге сүйенсек, биыл облыс орталығында 6042 сәби дүниеге келген. Алтайньюстің хабарлауынша, оның ішінде екі үшем бар.
– 2020 жылы ұлдарға ең көп қойылған есімдер: Аңсар, Хан, Дінмұхаммед және Самир. Ал қыздарға ең көп қойылған есімдер: Асылым, Іңкәр, Қымбат, Айзере, Дәмелі, Милана және Кәусар, – дейді аталмыш бөлімінің басшысы Дәмеш Мейірманова.