2020 жылы 5 түрлі дәмнен бас тартыңыз

Қазақтың «ауру – астан» деген тәмсілі тегін айтылмаса керек. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл өткен сайын бұл сөзді құптап, зерттеу жүргізуде.

Алматы, NEGE. Аталған ұйым 2019 жылы жұрт тұтынған тамақтардың басым бөлігі денсаулыққа кері әсер етіп жатқанын байқаған. Олардың арасында қалыпты тәтті тағамдар, алкогольді өнімдер мен ас тұзы, сондай-ақ, түрлі майлар бар. 

Мамандар биыл тамақ мәізрін жиі ауыстырып отыруды ұсынады. Күнделікті тұтынатын үйреншікті ас орнына дәнді тағамдарға ден қоюға шақырады. Сонымен қатар, жаңа үзілген жеміс-жидектерді естен шығармаған абзал.Таза балық, жұмыртқа, қызыл ет пен сүт өнімдерін тұтыну пайдалы. 

Ең қауіпті дәмнің бірі – ас тұзы. Оның қан қысымын арттырып, жүрек ауруына шалдықтыру қаупі бар көрінеді. Астың дәмін келтіру үшін тек қана мөлшермен қолданған дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр адамға тәулігіне 5 грамм, яғни 1 ас қасыққа дейін тұз тұтынуды ұсынады.

Тұз секілді дәмді қуыру үшін құйылатын май түрлері де жүректің әлсіреуін туғызады.

Тәтті тағамдардың зияны тіске ғана емес. Қант құрамында семіру мен қартаю сәтін арттыратын түрлі қоспаар бар. Бір бөтелке тәтті сусында 10 шәй қасық қант болуы мүмкін. Сондықтан тәттіден тиылған абзал. 

Спирттік ішімдіктерден түбегейлі бас тарту керек.  

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады