2020 жылғы ең танымал жазба

Instagram желісінде 2020 жылғы ең танымал жазба аталды, – деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Танымал футболшы Криштиану Роналдудың посты Instagram желісінде ең танымал деп аталды.

«Ювентус» ойыншысы бұған дейін де 200 миллион оқырманы бар алғашқы адам болып Instagram тарихына енген. Ол әзірше осы мөлшерден асқан жалғыз адам болып отыр. Тек Instagram желісінің өз парақшасына одан көп адам жазылған.

Криштиану Роналду Диего Марадона қайтыс болғаннан кейін 25 қарашада атақты футболшыға деген құрметін көрсетіп, онымен түскен фотосын жариялады. Бұл пост 19,6 миллион лайк жинады.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті