2020 жылдың қараша айына арналған жұлдыз жорамал

Тоқты (21 наурыз - 20 сәуір)

Қараша айы тоқтылардың көпшілігі үшін ауыр кезең болмақ. Айдың басында өзіңізді жайсыз сезініп, көңіл күйіңіз түсуі мүмкін. Жұмысыңызда бәсекелестік болады. Алайда, өзіңізді барынша сабырлы ұстаңыз. 8 қаршадан бастап жағдайыңыз біртіндеп жақсара бастайды. Сізге ескі достарыңыздан көмек келуі мүмкін. 10-14 қарашада қомақты қаражат қолыңызға түсуі мүмкін.

Махаббат үшін қараша айы сізге сәтсіз болуы мүмкін. Сол себепті әзірге ешкімге сезіміңізді білдірмеңіз. Сүйіктіңіз болса, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысыңыз.

 

Торпақ  (21 сәуір – 20 мамыр)

Қараша айын толықтай шығармашылыққа арнаңыз. Өйткені, дәл осы айда Сіздің белсенділігіңіз артады. Тіпті, айналаңыздағы адамдармен оңай тіл табысатын боласыз. Алайда тым сенгіш болудан сақтаныңыз. Дәл осы айда тағдырыңызға үлкен әсер ететін жағдай болуы мүмкін.

20-25 қараша аралығында жаңа дос табасыз. Жалпы қараша айы тіл үйреніп, өзіңізді дамытатын курстарға жазылуға қолайлы уақыт.

 

Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)

Күздің екінші айы сіз үшін аздап көңілсіз болуы мүмкін. Алайда, үйде отырып мұңая бермеңіз. Достарыңызбен қыдырыңыз, туған-туыстардың үйін аралаңыз. Өзіңіз жақсы көретін іспен шұғылданыңыз. 4-10 қараша аралығында жолға шығуыңыз ғажап емес. Сол себепті дайын жүріңіз.

Көңіліңіз қаламай тұрған істі мүлдем бастамаңыз. Артынан өкінуіңіз мүмкін. Жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

 

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Осы уақытқа дейін денсаулығыңыз сыр беріп жүрген болса, қуана беріңіз. Аурудың белгілері қайтып, бетіңіз бері қарауы мүмкін. Соған қарамастан, қараша айы Сіз үшін қарбалас болады. Бір істі бітіргеніңізбен, екінші шаруаның шеті шығады. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

Жалғыз жүрген шаяндар 24-29 қарашада өз жартысын табуы мүмкін. Ол адамға зер салып қараңыз, бәлкім Сіздің тағдырыңыз сол жан шығар?!

 

Арыстан  (23 шілде – 23 тамыз)

Арыстандар үшін қараша айы ауыр басталады. Жақындарыңызбен арада түсінбестіктер болуы мүмкін. Алайда эмоцияға берілмеңіз. Көмек сұрай келген адамға көмек қолын созуды да ұмытпағайсыз.

Жағдайыңыз 22 қарашадан кейін өз қалпына келуі мүмкін.  Егер өзіңіздің кәсібіңіз болса, көп уақытыңызды жаңа серіктестер іздеуге жұмсаңыз. Бұл ай қаржат жағынан қолайлы болмақ.

 

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)

Қараша айында өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын табасыз. Кімнің дос, кімнің қас екенін де осы уақыт аралығында таразылап алатын боласыз. Шындық Сізге ұнамауы мүмкін. Бірақ ащы да болса білгеніңізге шүкір етесіз. Жүйкеңізді әрнәрсеге жұқарта бермеңіз. Денсаулық өзіңіз үшін керек. Сол себепті бәріне жеңіл қараңыз.

17-25 қараша аралығында алыстан хабар келуі мүмкін. Бұл жаңалық Сізді барынша қуантатын болады. Өйткені үйіңізде той болатын уақыттың ауылы алыс емес.

 

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразылар қараша айында ерекше ілтипатқа бөленеді. Өзіңізге ұнаған іспен шұғылданып, көңілді кештердің сыйлы қонағы болуыңыз әбден ықтимал. Алайда, қаражат жағынан қиындықтар да болуы мүмкін. Өзіңіз қаржы жағынан қысылсаңыз да жақындарыңызға көмек көрсетуден бас тартпайсыз. Құмар ойындар мен белгісіз ұйымдарға ақша салудан сақ болыңыз.

15 қарашадан бастап бұл мәселе ақырындап шешілетін болады. Еңбегіңіздің арқасында жетістікке жетіп те үлгересіз. Тек асығушы болмаңыз!

 

Сарышаян (24 қазан – 21 қараша)

Қараша айында сарышаяндар көп қозғалады. Үйіңізде қуанышты хабар болып, арты тойға ұласуы ғажап емес. Сол себепті әр күніңізді жоспарлап жүріңіз. Ол Сізді артық уақытыңызды шығындаудан сақтайды. Әрбір адамға сеніп, ішкі сырыңызды ақтара бермеңіз! Сүйіктіңіз болса, оған көңіл бөлуді ұмытпағайсыз. Қазір ол сіздің мейіріміңізге зәру.

8-12 қараша аралығы бастап қойып, бітіре алмай жүрген шаруаларыңызды тындыруға тамаша уақыт. Сіз барлығына бірдей үлгересіз. Сонымен қатар өз ортаңызда сый-құрметке де ие боласыз.

 

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Қараша айында күйзеліске түсудан сақ болыңыз. Қазір Сіздің ағзаңыз әлсіреген. Көбірек дәрумендер ішіп, жылы киініп жүріңіз. Адамдармен көбірек сөйлесіп, ауыр жұмыстарды кейінге ысыра тұрыңыз. Ал қаржы мәселесінде осы айда жоолыңыз болады. Күтпеген жерден пайдаға кенелуіңіз ғажап емес.

2-8 қараша аралығында жақын адамыңыз жағымды жаңалығымен бөліседі. Жалпы, қараша айында ғылым мен білімге ден қойыңыз.

 

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Қараша айында тауешкілер өз жұмыстарын ысырып қойып, жақындарының шаруасымен жүгіреді. Сол себепті жұмысыңызда келеңсіздіктер болуы мүмкін. Алайда, сары уайымға салынбаңыз. Барлығы өз уақытымен ретке келеді. Дәл қараша айында ұйымдастырушылық қабілетіңіз артады. Сізден көмек сұрап келушілер де көп болады. Қолыңыздан келгенше көмектесуге тырысыңыз.

23-26 қараша аралығында айналаңызға мән беріп жүріңіз. Өйткені, бұрын байқамаған құбылыстарды дәл осы уақытта байқауыңыз мүмкін. Қаржы жағынан қолайлы ай, қымбат зат сатып аласыз.

 

Суқұйғыш (20 қаңтар – 19 ақпан)

Қараша айында суқұйғыштардың жұмысында көп өзгерістер болады. Қызмет мансабыңыздың өсуі ғажап емес. Сіз басшылық үшін ең қажетті адам боласыз. Дегенмен, айналаңыздағылардың бәріне сене бермеңіз. Аяқтан шалушылар да табылады. Тек өзіңізге сеніп, қолға алған ісіңізді жалғастырыңыз.

3-7 қараша аралығында жұмыс бабымен жолға шығуыңыз мүмкін. Тіпті жаңа адамдармен танысып, мекен жайыңызды ауыстыруға да қолайлы уақыт. Жұлдыздардың ескертуі бойынша ішімдікке жоламаңыз.

 

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Қараша айында балықтар өз ойларын ретке келтіріп, болашаққа нық қадам басады. Өміріңізге көптеген өзгерістер болады. Тосын сыйлар мен күтпеген кездесулер болуы мүмкін. Бірақ, қалтаңыздағы ақшаны оңды-солды шашпаңыз. Көңіл күйіңіздің түсуі де ғажап емес. Алайда сабырлылық танытыңыз.

5-9 қараша аралығында ойға алған ісіңіз жүзеге асады. Нәтижесіне өзіңіз де таң-тамаша қалуыңыз мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған