2019 жыл азаматтық авиация саласындағы ең қауіпсіз жыл ретінде танылды

2019 жылы ұшақтармен байланысты 20 оқиға тіркеліп, апаттан 283 адам қаза тапқан.

Алматы, NEGE.  Aviation Safety Network хабарлауынша, Boeing 737 MAX-қа қатысты алапат апаттарға қарамастан, 2019 жыл азаматтық авиация тарихындағы ең қауіпсіз жылға айналған. Дегенмен әуе апатынан көз жұмғандардың саны азайғанымен, ұшақтарға қатысты төтенше оқиғалар соңғы 5 жыл ішіндегі орташа көрсеткіштен асып түскен.

Авиация саласының тарихындағы ең қауіпсіз жыл ретінде 2017 жыл болып қалуда. Ол кезде 10 апат тіркеліп, одан 44 адам қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың санының аздығы жағынан 2019 жыл үштікке енген.  

Доңыз жылында жолаушылар ұшағымен қатысты 13 бақытсыз жағдай, ал жүк тасымалдайтын әуе кемелеріне қатысты 6 оқиға тіркеліпті. Олардың тең жартысынан астамы (11) Солтүстік Америкада болған. Өкінішке қарай, Алматыда 27 желтоқсанда болған Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың апаты да осы қаралы тізімді толықтырды. 

Қазір әлемде шамамен 39 000 000 рейс жасалады.  Адам шығыны болған әуе апатының коэффициенті 2 000 000 рейстің біреуінде кездеседі.

Сарапшылар 10-15 жылмен салыстырғанда әуе кемелеріне қатысты апат санының азайып келе жатқанын айтуда. Халықаралық есеп бойынша әуе қатынасы әлемдегі ең қауіпсіз тасымал түрі болып саналады.

 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ