200 балаға Президент сыйлығы табысталды

Жамбыл облысында 200 балаға ҚР Президентінің жаңажылдық сыйлығы табысталды.

Алматы, NEGE. Жамбыл облысындағы ата-ана қарауынсыз қалған, жетім, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін 9-13 жас аралығындағы 200 балаға ҚР Президенті атынан жаңажылдық сыйлықтар таратылды.

Атап айтсақ, балалар Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат, екі тілдегі «Ұлы Абай» энциклопедиясы мен «Қазақ ертегілері» жинағы, тәтті сыйлықтар және ақшалай сертификат алды.

Аталған сыйлыққа Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де ие болды.

Сондай-ақ, өңірдегі 100 балаға облыс әкімі атынан сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, пандемия жағдайына байланысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес биылғы жылы облыста Қазақстан Республикасының Президенті, облыс әкімі және қала және аудан әкімдері атынан Жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылмайды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?