«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Атырауда TikTok-та тікелей эфирге шыққан екі әйелдің бірі өзінің 20 жылдан бері террорист екенін айтып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жақсы танитынын мәлімдеген.

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

Астана, NEGE. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция 38 және 39 жастағы әйелдердің кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Оларға қатысты үш әкімшілік іс қозғалды:

– ұсақ бұзақылық жасау;
– заңға қайшы контент тарату;
– қоғамдық орында бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киім кию.

Іс материалдары сотқа жіберілді. Сондай-ақ әйелдермен теолог мамандар түсіндіру жұмысын жүргізді.

Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жабатын киім киюге тыйым салынған.