20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

ШҚО ДП

Алматы, NEGE. Өскемен қаласының полицейлері осыдан 20 жыл бұрынғы адам өлтіру фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемендегі үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Алайда сол кезде қылмыскер ізін суытып үлгеріп, оған қоса айғақтарды жою үшін үйді өртеп жіберген. Бұл тергеу барысын қиындата түсті.

– Қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері істі тоқтатпады. Жедел уәкілдер материалдарды мұқият зерттеп, жиналған деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін рет-ретімен қалпына келтірді. 2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жалғасып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсті, – делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды