1Win онлайн-казиносына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҚМА

Алматы, NEGE. Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен.

Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді.

2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңге болған.

Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды.

Тәркілеуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды