1-мамырдан бастап су қымбаттамақ
Қазақстанда арналар арқылы су берудің орташа өткізу тарифі 1,826 теңге/м3-тен 2,057 теңге/м3-ке дейін қымбаттамақ. Оның ішінде өздігінен ағатын жүйемен суарылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға 0,376 теңге/м3-ден 0,66 теңге/м3-ге дейін артады. Барлық сомалар ҚҚС-сыз көрсетілген, деп хабарлады деп хабарлайды ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.