Бір жылда ішкі істер органдарында қанша бастық қызметінен қуылды?

Өткен жылы қарамағындағы қызметкері жемқорлыққа ұрынғаны үшін ішкі істер органдарынан 51 бастық қызметінен шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Өткен жылы қарамағандағылардың жемқорлық әрекеті үшін түрлі деңгейдегі 51 бастық қызметінен шығарылып, 106-сының лауазымынан босатылды. Олардың ішінде департамент бастығының 4 орынбасары, облыстық басқарманың 24 бастығы және олардың орынбасары, 39 қалалық және аудандық бөлімдердің бастығы және басқалары бар», - деді департамент басшысы. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта бастықтардың өздерді қылмыстық әрекеттерді дер уақытында анықтау және олардың жолын кесуге мүдделік танытып, жауапкершіліктерін арттырып отыр. «Қарамағандағылар жемқорлыққа ұрынғаны үшін басшылардың отставкасы туралы заңнамаға сәйкес бұл шаралар толыққанды жүзеге асырылып жатыр», - деді Арман Саданов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр