13 ноября 2023 г. 18:45

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Фото:

2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға дейін қазақстандық жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл туралы Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. Ол техникалық регламент талабы осындай екенін атап өтті. Оған бағынбағандарға айыппұл қарастырылған.

Алматы, NEGE. "Қыста Алматы жолдарында жүргізуші жазғы дөңгелекпен жүрсе, полицейлердің оған айыппұл салуға құқығы бар. Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 17 250 теңге (5 АЕК) айыпұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық жасалса, оған 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады", - деді Салтанат Әзірбек.

Тегтер: