1 тамыздан той-жиындарға 50-ден астам кісі шақыруға тыйым салынды

1 тамыздан бастап Өзбекстанда той-жиындарға 50-ден астам кісі шақыруға тыйым салынды.

Алматы, NEGE. Республикалық арнайы комиссия жауапты ұйымдардың тиісті ұсыныстарын ескере отырып, осы жылдың 1 тамызынан бастап тойханаларда, жанұялық той-жиындарын өткізуде 50-ден аспайтын адамға (жақын туыстары мен басқа туыстары) санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып рұқсат берді.

Бұған дейін осы жылдың 1 сәуірінен бастап отбасылық мерекелер, үйлену тойлары, тойлар мен салтанатты кештерге 100 адамнан аспайтын және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуі керек болатын.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады