15 мая 2023 г. 15:05

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықты жәбірленушінің арызынсыз тіркейтін болады

Фото:

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомства өкілдері мәлімдеді. 

«1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», - деді министрліктегілер.

1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі болмайды. Өйткені мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.

Олардың айтуынша, бұл агрессордың немесе туыстарының көндіру немесе қысым көрсетуі нәтижесінде болады. Мысалы, жыл басынан бері осы негіздер бойынша 5 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап татуласуға тек бір рет, сотта болады. 

Тегтер: