1 млн-нан астам жұмыспен қамтылады

Бүгін елордада Асқар Маминнің қатысуымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудағы қолдау шаралары қаралды.

Алматы, NEGE. Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатындағы қолға алынған шаралар жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, биыл 1 млн-нан астам жұмыспен қамтылмақ. Бұл жайлы Strategy2050.kz сайты хабарлады.

Біржан Нұрымбетовтің мәліметінше, еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған.

Бүгінге дейін 743 мың адам сол шараларға тартылған.

«Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 мың 800 жеңілдетілген несие және 17 мың 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылған», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған