1 млн теңге айыппұл алды

Атырауда наурыздан бері 1 117886 теңге айыппұлды төлемеген «Opel Astra» көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері Атырау қаласында «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеген екі автокөліктің жүргізушісін ұстады. Бір көлік – Арменияда, екіншісі Ресей Федерациясында есепке қойылғандықтан, Атыраудағы иелері деректер базасына тіркелмеген. «Полицейлер «Кордон» фоторадар кешенінің көмегімен 18 мамырда бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты.

Оның бірі – «Opel Astra» көлігінің жүргізушісіне айыппұл жылдамдықты 116 рет арттырғаны үшін 1 117 886 теңге , екіншісіне «Daewoo Nexia» көлігімен қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін 173 625 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдар толық төленгенше, көліктер айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Атырауда 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық, шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылған.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды