1 мыңнан астам автокөлік айып тұрағына қойылды

Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзғаны үшін 1 мыңнан астам автокөлік айып тұрағына жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Құқық бұзушылар көбейген соң елордада қосымша осындай 4 тұрақ ашылған. Қазір тәртіп сақшылары шаһардағы бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдай дрон арқылы бақыланады. Жалпы, қалада төтенше жағдай режимін бұзған 2 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 200-ге жуығы қамауға алынып, 1800-ден астамына айыппұл салынды. Еске сала кетейік, карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Сол себепті, адамдарға себепсіз көшеде жүруге қатаң түрде тыйым салынады.  

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды