1 маусымнан бастап Қазақстанда вакцина алғаны туралы қағаз анықтама беріледі

1 маусымнан бастап Қазақстанда адамдардың вакцина алғаны туралы қағаз анықтамалар беріле бастайды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Сондай-ақ медициналық ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, екпе салуды бастауы тиіс. Ал шетелде коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандықтар туралы мәліметтер 1 шілдеден бастап еліміздің деректер қорына енгізіледі. Бұдан бөлек құжатта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты тұлғалары коронавирусқа қарсы вакциналардың қозғалысы жөніндегі деректерді вакцинация модуліне күн сайын енгізуі тиіс деп жазылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді