1 мая 2022 г. 8:37

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Фото:

 Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді.

Алматы, NEGE. Бұл мереке 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан көпұлтты ел екені баршаға мәлім. Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында татулықтың үлгісі деуге болады. Себебі бірнеше ұлт өкілі салт-дәстүрі мен ұстанымына қарамастан ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр. Біздің ел – 30 жылдан астам тәуелсіздік тарихында сандаған ұлттың ұйытқысына айналып отыр.

Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында бірнеше ұлт өкілі өзара ынтымақтастық пен татуластықты ту етіп тіршілік етуде. Ел басына қиын-қыстау заман туғанда кез келген халықтың бірлігі ішінара бірлік және ынтымақтастықпен өлшенеді. Осы орайда Қазақстан халқы ұлты мен дініне қарамастан Тәуелсіздік алғалы ұлт ретінде ұйып, бірлікті берік ұстанып келеді. 

Тегтер: