1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі

ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтырулар дайындады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру ұйымдарында оқитын студенттер - 36 660 теңге (қазіргі уақытта – 31 423 теңге);
Педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттер - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша оқитын студенттер - 58 800 теңге (қазір 50 400 теңге);
Интерндер - 61 660 теңге (қазір 59 289 теңге);
Магистранттар - 86 987 теңге (76 950 теңге);
«Назарбаев университетінде» оқитын магистранттар – 162 500 теңге (143 750 теңге);
Докторанттар - 195 000 теңге (172 500 теңге);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттар - 195 000 теңге – 172 500 теңге);
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 100 036 теңге (88 494 теңге);
ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттар - соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттер – 21 787 теңге (өзгеріссіз) алатын болады.