1 қарашада Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу жұмыстары басталады

Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы басталады.

Алматы, NEGE. Үй жануарларын есепке алу жануарларды жоғалтқан немесе ұрлаған кезде оңай анықтауға мүмкіндік береді. Бұл иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Бағдарлама аясында 15 мың ит пен мысықты чиптеу және тіркеу көзделген.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, барлық үй мысығы мен итте болюс, чип, қарғы, электронды белгі, бирка немесе TANBA үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген таңбасы болуы керек.

Алматылықтар қаланың 8 ветеринарлық клиникасында тегін чиптеуге және тіркеуге жазыла алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады