1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдар үшін кімдерге салық салынатынын түсіндірді.

Алматы, NEGE. "Біз мынадай критерий қойдық – үш ай ішінде бір карточкаға 100 аударым. Біз бақылаймыз. Бұл шартты критерийлер, біз оны өзгертуіміз де мүмкін, аз не көп болуы да ықтимал. Заң былтыр қабылданған және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған. Ал егер мобильді аударымдар туысқандар, әріптестер арасында жасалса, енді түрлі жағдай болады ғой, онда бұл кәсіпкерлік қызметке жатпайды және оған салық салынбайды", - деп түсіндірді Жамаубаев.

Айтуынша, бизнесі бар адамдар кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша тіркеліп, аударымдар үшін бөлек арнайы шот ашуы керек. Сөйтіп салық төлеуге міндеттеледі.

Егер азаматтың жеке банк шотына үш айдың ішінде ай сайын 100 не одан көп адамнан ақша түссе, олар бақылауға алынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді