1 қаңтарда елімізде 782 сәби дүниеге келді
Оның 398-і ұл, 384-і қыз. Арасында үш жұп егіз де бар.
Алматы, NEGE.Мереке күні туған нәрестелердің ең көп саны тіркелген өңірлер:
- Түркістан облысында – 115 бала;
- Алматы қаласында – 83 бала;
- Шымкент қаласында – 69 сәби;
- Астана қаласында - 60 нәресте.