18 сентября 2022 г. 19:00
19 қыркүйек Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды
Бұл күні көрші елдің барлық аймағында және Қырғызстанның шетелдегі бітімгерлік және консулдық мекемелерінде қырғыз елінің туы төмен түсіріледі.
Алматы, NEGE. Сондай-ақ мәдени нысандар және телеарналар көңіл-көтеретін бағдарламалар мен кештер бермейді,- деп жазды 24 kg. Ал Баткен облысында ТЖ режимі енгізілді.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында атыс басталған болатын. Салдарынан Лейлек пен Баткен ауданының бірнеше елдімекені оқ астында қалған. Көршілес елдің Денсаулық сақтау министрі 134 адамның жараланып, 36 тұрғынның қаза болғанын хабарлады.