19 адам қаза тапты

Үндістанның оңтүстігінде жүк көлігінен құлаған контейнер жолаушылар автобусын басып қалып, 19 адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Полиция бұл оқиғаны тергеуде. Елдің айтуынша, жүк контейнерінің доңғалақтарының бірі жарылғаннан кейін ол темір ілмегінен шығып кетіп, төмен құлаған.

«Контейнер құлаған кезде жанынан өтіп бара жатқан автобуста шамамен 48 адам болған, олардың кейбірінің жағдайы өте ауыр», – деп хабарлайды Үнді BBC қызметі.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 3:30 шамасында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді