194 елдің азаматтарына вакцина салынып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен брифингіде 220 мемлекеттің 194 елінде коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта 220 елдің 194-і коронавирусқа қарсы вакцинацияны бастады, 26 ел әлі бастаған жоқ», - деп мәлімдеді ол.

ДДҰ басшысының айтуынша 26 елдің жетеуі екпе науқанын бастауы мүмкін. Тағы бес ел жақын арада вакцина алуы тиіс.

Қалған 14 ел иммундау жұмыстарын түрлі себептер бойынша бастамаған.

Гебрейесус атап өткендей, кейбірі дайын болмаса, өзгелері алдағы апталар мен айларда вакциналауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды