19 шетелдік Қазақстан аумағына жалған құжатпен кірмек болған
Қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында жалған құжаттармен Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған 19 шетел азаматы анықталды.
Астана, NEGE. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, олардың басым бөлігі жалған визалар мен басқа адамдардың деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.
Бұл фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жыл басынан бері осындай 358 факт анықталған. Комитеттің шекара қызметі жалған немесе басқа адамдардың құжаттарын пайдаланып, мемлекеттік шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.