18 жасар футболшы сербиялық командаға ауысты

Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған футболшы Изат Құлжанов Сербияның «Раднички Пирот» командасына ауысты.

Алматы, NEGE.  Изат қазір Сербияда. Ол бұған дейін «Ертіс» футбол клубында ойнаған. Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартқаны және клубта қаржылай қиыншылықтар бар екені туралы хабарлаған болатынбыз. 18 жастағы Изат Құлжанов – Ақсу футбол мектебінің түлегі. 2009 жылы белгілі спорт бапкері Манарбек Қасеновтің қол астында жаттығу жасады. Кейін «Ертістің» жастар командасына алынды. Бірнеше рет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылған.

2019 жылы Павлодар клубы сапында 32 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Изат жартылай қорғаушы шебінде доп тебеді. Изат Құлжановтың жаңа командасы «Раднички Пирот» Сербияның бірінші лигасында ойнайды. Ұжым былтыр лиганы 13-ші орында аяқтаған. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған