1,8 млн теңге пара алған аудан әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғалды
Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың біріндегі әкімнің орынбасары 1,8 млн теңге пара алған.
Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір аудандарының бірі әкімінің орынбасарына қатысты кәсіпкерден 1 800 000 теңге сомасында, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады" делінген хабарламада.