18 296 ардагер 1,3 млрд теңге алады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне 1,3 млрд теңге көлеміндегі жалпы біржолғы төлемді 18 296 адам алады, деп хабарлады Алматының қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.


Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және қала әкімінің қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне әлеуметтік қолдау көрсету үшін 1,3 млрд теңге көлеміндегі жалпы біржолғы төлемді 18 296 алматылық алады», - деді Шимашева сәрсенбі күні халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру мәселесі жөніндегі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, олардың арасында екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге (202 адам); 100 мың теңгеден майданға қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктеріне тең адамдар (3 954 адам); майданда қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне 100 мың теңгеден (4 адам); Ауғанстандағы соғыс кезінде жарақат алған, соның салдарынан ауырып қайтыс болған немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайларына 100 мың теңгеден (32 адам); еңбек майданының қатысушыларына (соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген), оның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған, сонымен қатар марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден (14 104 адам) төленді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?