180-нен астам журналист коронавирустан көз жұмды

Соңғы төрт айда коронавирустың кесірінен 35 елде кемінде 186 журналист көз жұмды. Бұл мәліметтерді сәрсенбіде Женевада Press Emblem Campaign (PEC) үкіметтік емес ұйым жариялады.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында кемінде 186 журналист COVID-19 ауруынан қайтыс болды» деп хабарлады PEC . Бұл ретте маусым айында 59 тілші бақилық болған. Сонымен қатар ұйым нақты жалпы көрсеткіш одан да жоғары екенін мәлімдеді. Өйткені барлық елдер эпидемияның барысы туралы толық ақпарат бере алмайды және қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирустық инфекцияға тексерілмеген. Ұйымның мәліметі бойынша өңірлер арасында баспасөз өкілдері арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орын Латын Америкасына тиесілі, онда 93 журналист COVID-19-дан көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды