180 жолаушысы бар ұшақ құлады

Украиналық Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайы маңында құлады, – деп хабарлайды РИА Новости ирандық Tasnim басылымына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады.

Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Лайнерде 180 жолаушы болған. Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен