18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады. Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды