170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды

Өзбекстанда балаларды ерікті түрде вакциналаудың алғашқы айында 12-18 жасқа дейінгі 170 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды.

Алматы, NEGE. Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде 12-18 жасқа дейінгі 176 791 жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алды. Балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен елдің кез келген егу пунктінде екпе салуға болады. Вакцинация үшін Pfizer/Biotech неміс вакцинасы қолданылады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда балаларды ерікті негізде вакциналау процесі 28 қыркүйекте басталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды