17 жыл халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте ұсталды

Абай облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді Ресей Федерациясында ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Санкт-Петербургте аса ірі алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам 2021 жылдан бастап алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде болған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында 62 жастағы күдікті есірткіні заңсыз ірі көлемде сақтағаны үшін ұсталды. Бұл адам 17 жыл бойы іздеуде болған.

Жас баланы зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген тағы бір қылмыскер Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды. Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында облыс аудандарының бірінде болған. Сондай-ақ тағы бір күдіктіні полицейлер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұстады, оның есебінде алаяқтықтың 10-нан астам эпизоды бар.

Қазір оқып жатыр

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды