17 жастағы қазақстандық теннисші ITF турнирінде топ жарды

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды.

Жиенбаева тартысты өткен бәсекеде 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Бүгін мен үшін осы маусымдағы маңызды күн деп есептеймін. Апта бойы қиын матчтар өткіздім. Психологиялық жағынан да дайын болғаныма өте қуаныштымын. Бәріңізге қолдауыңыз үшін алғыс айтамын», - деді Жиенбаева.

Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 31-сатыда тұр. Ал WTA рейтингісінде 15 сәуірде 1 000 теннисшінің қатарына кіреді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады