16 жасар қарағандылық бозбала халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

Қарағандылық 16 жасар Әлихан Әбілдиннің кинодағы дебюті үлкен жетістікке жеткізді. Жасөспірім «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды, NEGE. Биыл кинофестивальде алғаш рет ұлттық байқау өтті. Мұнда соңғы екі жылда түсірілген ең жақсы 15 фильм ұсынылды.

Ұлттық байқау жүлделерінің бірі Әлихан Әбілдинге бұйырды.

Жігіт Яна Скопинаның «Жаз жақында аяқталады» фильміндегі басты кейіпкерді сомдап, «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды.

Картина қазақстандық кинопрокатқа шықты.

Әлихан ешқашан киноға түсуді армандаған емес. Оның өмірдегі басты қызығушылығы – музыка.

Қарағандыда музыка мектебін бітіріп, биыл Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің студенті атанды.

«Instagram-да «Жаз жақында аяқталады» фильмінің продюсері Еркежан Мақсұт маған хабарласты. Ол менің түрім бас кейіпкер рөліне сәйкес келетінін айтты және кастингке шақырды. Біраз уақыт ол ұсыныстан бас тартып жүрдім, өйткені актерлік тәжірибем жоқ. Сонымен қатар, әрқашан өзімді тек музыкант ретінде көрдім. Қазір барабаншы оқуын оқып жатырмын. Мені ата-анам мен ағам көндірді. Олар мұндай мүмкіндіктен бас тартпау керектігін айтты», – дейді Әлихан.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?