16 адам жаппай сушиден уланды

Атырау облысындағы Құлсары қаласында жаппай улану болды.

Алматы, NEGE. 16 жергілікті тұрғын диарея, жүрек айну және құсу шағымдарымен орталық аудандық ауруханаға түсті. Олардың барлығы сушиге бір мекемеден тапсырыс бергені анықталды, деп хабарлайды  жергілікті   «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

 

27 желтоқсанда ауруханаға 10 адам түсті, келесі күні тағы алты адам. Сауалнамадан кейін олардың барлығы 25-27 желтоқсан аралығында қалалық дәмханалардың бірінде сушиге тапсырыс бергені белгілі болды.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Науқастар әлсіздікке, құсуға, диареяға шағымданады. Барлығының температурасы көтерілген.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде. Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдай туралы мәлімет жоқ екенін хабарлады.

Кафенің өзінде тағамдарды дайындау және беру тоқтатылғаны белгілі болды. Оның қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жіберу үшін дайындалуда.

Қазір оқып жатыр

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды