168 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың I-тоқсанында атқарыған жұмыстарды баяндады.

Алматы, NEGE. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда қалада құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 168 нысан қамтылған. Оның 134-і жаңа нысандар болса, қалған 34-і өткен жылдардан өтпелі нысандар. Жыл қорытындысы бойынша 155 нысан (248,8 шақырым) пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, құрылыс-қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, орташа жөндеу – 138.

2021 жылдың 1-тоқсанында жоспар бойынша құрылыс жөндеу жұмыстары бастау алып, 1,1 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде, ауқымды жобалар – Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев даңғылы жалғасының 1-ші және 3-ші кезеңдері, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңі.

Биылғы жылы іске асыру жоспарланған орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды