16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

17 қаңтарда адвокаттар тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Біздің жұмысымыздың маңызды кезеңдерінің бірі артта қалды», - деді жәбірленушілердің адвокаттары.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Жақында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті