16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік Азия-Тынық мұхиты банкі 2025 жылғы ХҚЕС бойынша аудиттелген есебін жариялады. АТБ банкі былтыр 16,48 миллиард рубль таза пайда тапқан. Бұл – қаржы институтының жаңа рекорды.

Nege.kz

Қазіргі курспен теңгеге шақсақ, АТБ банкінің таза кірісі 97,9 миллиард теңгеге тең болып отыр. Егер Қазақстанның қаржы нарығымен салыстырсақ, АТБ былтырғы таза кіріс рэнкингі бойынша біздің нарықта Отбасы банктен кейінгі жетінші орын алар еді.

Фото: Nege.kz

Мысалы, таза кіріс бойынша Азия-Тынық мұхиты банкі біздегі RBK, Bereke, Ситибанк сынды қаржы ұйымдарын артта қалдырған. Назарбаевтың кезінде осы банкті сатып алу туралы қабылданған шешімнің өте сәтті болғанын уақыт дәлелдеді. Оны сатып алуға жұмсалған 14 миллиард рубль инвестициясын 2021-2024 жылдар аралығында толық ақталып шықты.

Ал 2025 жылы келген 16 миллиард рубльден астам сома инвестицияның 5 жыл ішінде екі еселеніп қайтқанын көрсетеді. Қазір «АТБ Банк» акционерлік қоғамының капиталындағы 37 миллиард рубльдің 30 миллиардын үлестірілмеген кірісті құрайды.

Фото: Nege.kz

Назарбаев өз банкінен әлі күнге дейін дивиденд алмай, бұл соманы банк капиталында жинақтап келген еді.

Алайда Nege.kz дереккөзі биыл банкке иелік ететін «Pioneer Capital Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жинақталған кірістің қомақты бөлігін дивиденд ретінде алу жоспарымен бөлісті.

Дегенмен оның нақты параметрлері белгісіз. Үлестірілмеген кірістің қанша пайызы дивидендке бағытталып, қанша пайызы банкте қалатыны туралы ақпарат, егер шынымен жарияланса, ресми түрде тек акционердің қатысуымен өтетін жалпы жиналыстан кейін ғана белгілі болады.

Егер дивиденд қазақстандық юрисдикциядағы «Pioneer Capital Invest» ЖШС-нің есепшотына түссе, онда ресейлік АТБ Банктің қызығын отандық экономика да көре бастайды. Себебі Назарбаевтың бұл кірісінен корпоративті табыс салығы төленетіні анық.

АТБ Банктің кірісінің негізгі бөлігі проценттік кіріс, яғни кредит беруден түседі. 2025 жылы пайыздық табыс 49,2 миллиард рубльді құраған. Ал комиссиялық табыс 11,5 миллиард рубль болды.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді