15,8 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі 19 тамыз күнгі мәлімет бойынша коронавирустан емделіп жатқандардың жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 366 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 90 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді министрліктен.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған